Спорт • 20 Қазан, 2020

Үздіктер ел намысын қорғайды

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23-25 қазан күндері Мажарстан астанасы Будапештте IJF күнтізбесіндегі ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы Grand Slam жарысы өтеді. Байрақты бәсекеге әлемнің 71 елінен 480 татами шебері қатысады.

Үздіктер ел намысын қорғайды

Отандық дзюдошылар да турнирде бақ сынайтындардың қатарынан табылып, қазақстандық жанкүйерлерді қуантуға ниетті. Бас бапкер Айдын Смағұловтың айтуынша, лицензиялық турнирге ұлттық құраманың бірінші нөмірлі балуандары қатысады.

Атап айтар болсақ, Будапешт татамиінде ел намысын Ғұсман Қырғызбаев (60 кг), Елдос Жұмақанов, Ерлан Серікжанов (66 кг), Жансай Смағұлов (73 кг), Дидар Хамза (81 кг), Ислам Бозбаев  (90 кг), Айбек Серік­баев, Виктор Демьяненко (-100 кг) және Ерасыл Қажыбаев пен Ғалымжан Қырықбай (+100 кг) қорғайды.