Кәсіпқой бокс • 20 Қазан, 2020

Жаңа салмақ қосылды

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокста ең белді ұйымның бірі саналатын Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) алдағы уақытта кәсіпқойлар арасында жаңа салмақ қосылатынын мәлімдеді.

Жаңа салмақ қосылды

Ұйымның хабарлауынша, жаңа салмақ ауыр және аса ауыр салмақ дәрежелерінің арасында болмақ. Яғни дәрежесі 86,2 килодан басталып, ең шекті шегі 101,6 кило деп белгіленген. Енді аса ауыр салмақтағы боксшылар 101 килодан жоғары салмақта жұдырықтасады.

Айта кетейік, жаңа салмақ дәрежесі WBC ұйымында бірнеше айдан бері кең көлемде талқыланып келе жатқан-ды. Атал­ған ұйымның президенті Маурисио Сулейманның айтуынша, өзге де бокс ұйымдары бұл салмақты қолдайтынын немесе қолдамайтынын айтып дауыс берген.