Қоғам • 20 Қазан, 2020

Куәлікті үйге жеткізіп береді

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

eGov.kz порталында қазақстандықтарға мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жеткізуді ресімдеуге мүмкіндік беретін қызмет пайда болды.

Куәлікті үйге жеткізіп береді

Бұл үшін қажетті дерек­терді, тұрғылықты мекен­жайы­н көрсету және қызметке ақы төлеу жеткілікті. Осыдан кейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ қызметкері мемлекеттік нөмір мен куә­лікті үйге әкеледі.

«Біз үшін ең бастысы, азамат үйде отырып автокөлік сатып алуға байланысты қыз­меттердің барлық пакетін ала алатын кезде көлік құра­лын ресімдеу процесін то­лық автоматтандыру болды. Егер бұрын бұл үшін қа­зақ­стандықтарға кем дегенде екі рет мамандандырылған ХҚО-ға бару қажет болса, бүгінде оны eGov.kz порта­лында ресімдеп, қайта ре­сімдеп, нөмірлік белгіні таң­дап, автокөлікті есепке қо­­йып, тіпті мемлекеттік нө­мір мен куәлікті онлайн жет­кізуді ресімдеуге болады», деді «Ұлт­тық ақпараттық техноло­гиялар» АҚ басқарма төр­ағасы Әсет Тұрысов.

«Электронды үкімет» пор­талында «Көлік және ком­­муникациялар» бөлімінің «Автомобиль көлігі» бөлім­шесінде жеткізуді ресімдеу үшін «МТНБ және КҚТК-ны үйге жеткізу» қызметін таңдап, авторизациядан өту жә­не оған тапсырыс беру қажет.

Сонымен қатар жаңа және алынатын МТНБ, КҚТК, мамандандырылған ХҚО атауы мен толық мекен­жа­йын көрсете отырып, бар­лық мін­детті жолдарды толтыру керек. Осыдан кейін қыз­мет­ке ақы төлеу және ЭЦҚ көмегімен не болмаса бір рет­тік смс-пароль ар­қылы сұрау салуға қол қою қажет (мобильді азама­ттар базасында міндетті түрде тір­келу қа­жет). Қызмет жеке тұл­ға­ларға қолжетімді. Қызмет көр­сету мерзімі – 1 жұмыс күні.