Технология • 20 Қазан, 2020

Киберқауіпсіздік туралы мәлімдеді

635 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік техникалық қызмет Cybersecurity Alliance for Mutual Progress (CAMP) Өзара ілгерілікке арналған кибер­қауіпсіздік альянсының 5-ші жыл сайынғы конференциясында жүлделі орынға ие болды. Бұл туралы «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Киберқауіпсіздік туралы мәлімдеді

2020 жылғы 14-20 қыркүйек аралығында CAMP мүшелерінің 5-ші жыл сайынғы конференция­сы өтті. Онда қатысушы елдермен әріптестік шеңберінде ақпа­раттық қауіпсіздік мәселелері талқыланды және 2019-2020 жыл­дардағы ақпараттық қауіп­сіздік инциденттерінің аса ма­ңызды оқиғалары талданды. Биыл COVID-19 пандемиясына бай­ланысты ұйымдастырушылар іс-шараны онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады.

Альянстың әрбір қатысу­шысына өз елін таныстыруға жә­не киберқауіпсіздік жағдайы туралы айтуға мүмкіндік берілді. Қазақстан атынан Мемлекеттік техникалық қызметтің департамент директоры Медет Ысқақов сөз сөйлеп, Қазақстанның COVID-19 пандемиясы кезеңінде кибер­шабуылдарға қарсы кү­рестегі тәжірибесімен бөлісті. Қазақстандық спикердің сөз сөйлеуі CAMP қатысушы 47 елден «Best Speaker» аталымында үздік деп танылды.

Еске сала кетейік, өткен жылы Қазақстан CAMP ұйымдастыру комитетінің құрамына кіріп, ұйымдастыру комитетінің тізімін он елге дейін толықтырды. CAMP (Cybersecurity Alliance for Mutual Progress) – Оңтүстік Кореяда жұ­мыс істейді, оның құрамына 46 елден 60 ұйым кіреді. Альянсты киберқауіптердің алдын алу үшін жаһандық ұйымға айналдыру мақ­сатында CAMP мүшелері барған сайын күрделене түсе­тін және бүкіл әлем бойынша пайда­ланушылар мен ұйым­дар­ды көбірек қозғайтын кибер­қауіпсіздік мәселелері бойынша оқу бағдарламаларымен және ақ­паратпен алмасу мүмкіндігіне ие.

Соңғы жаңалықтар