Оқиға • 20 Қазан, 2020

Kaspi.kz компаниясы IPO-ның табысты өткені туралы хабарлады

345 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның ірі инно­вациялық Kaspi.kz компаниясы London Stock Exchange (LSE) және Astana International Exchange-де (AIX) IPO-ның табысты өткені туралы хабарлады.

Kaspi.kz компаниясы IPO-ның табысты өткені туралы хабарлады

Бір депозитарлық қолхат бойынша ұсыныстың бастапқы бағасы 33,75 доллар деңгейін­де белгіленді, бұл компания­ның нарықта капитал­дануы 6,5 миллиард долларға тең екенін білдіреді. London Stock Exchange-дегі бірінші күннің сауда-саттық қорытындысы бойынша Kaspi.kz-тің құны 20%-дан асты.

Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе бұл туралы былай деді: «Біз әлемнің ең беделді және ірі инвестициялық компанияларын Қазақстан мен Kaspi.kz-тің инвестициялық тар­тымдылығына сендіре алға­ны­мызға қуаныштымыз. Біздің табысты ІРО Қазақстанды әлем­нің инновациялық картасына енгізуге және әлемнің ірі инвес­торларына еліміздің қарқынды цифрлық трансформациясына қатысуға мүмкіндік береді. Сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсарту туралы миссия­мыз­ға сәйкес елдегі ең танымал супер-қосымша – Kaspi.kz-ті әрі қарай дамытамыз және клиент­тері­міз бен серіктестерімізге, Қазақстанға бұдан да жоғары табыс әкелеміз».

Ал Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы және тең құрылтайшысы Вячеслав Ким:  «Kaspi.kz тарихы он жылдан астам уақыт бұрын басталды. Осы мүмкіндікті пайдаланып, компанияның табысқа жету жолында маңызды рөл атқарған ерекше талантты және адал командамыздың әрбір мүшесіне алғыс айтқым келеді. Біз әуелден-ақ елімізді цифр­ландырудың алдыңғы қата­рын­да жүрдік. Қазақстанда мем­­лекет инновациялық кәсіп­­керлікті дамыту үшін өте қо­лайлы мүмкіндіктерді ұсынып, қалыптастыруда. Осы арқылы Kaspi.kz сынды инновациялық және технологиялық компания­лар қалыптасуда. Біздің та­быс­ты ІРО Қазақстанның ин­вес­ти­циялық тартымдылы­ғын жаңа деңгейге көтеріп, басқа қазақ­стандық компанияларға әлемдік нарық капиталына шығуға мүмкіндік береді деп сенеміз», деді.

Айта кетелік, Kaspi.kz мис­сиясы – клиенттердің өмі­рін жақсартуға арналған инно­ва­циялық өнімдер мен қыз­мет­тер көрсету. Біздің иннова­ция­мыздың негізінде өз сала­сын­дағы жалғыз және елдегі ең танымал, 7 миллионнан астам қазақстандық азамат қолдана­тын мобильді суперқосымша Kaspi.kz тұр. Kaspi.kz мобиль­ді суперқосымшасының көмегі­мен клиенттеріміз төлем мен аударым жасап, жеке қара­жат­тарын басқарады және жет­кізу қызметімен тиімді он­­лайн ре­жім­де зат сатып алады. Kaspi.kz-тің 10 мың қызметкері­нің әр­­қай­сысы күн сайын біз­дің сү­йік­ті клиенттеріміздің өмі­рін жақ­сартып, инновация­лары­мызбен таңғалдыру үшін бар күшін салады дейді компания мамандары.