Коронавирус • 20 Қазан, 2020

Коронавирус үшін 8,2 миллиард теңгеге дәрі сатып алынған

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустың екінші толқынына дайындық аясында 8,2 миллиард теңгеге тапшы және қажет 44 дәрі сатып алынды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Коронавирус үшін 8,2 миллиард теңгеге дәрі сатып алынған

Бүгін үкімет отырысында министр халықты дәрі-дәрмек құралдарымен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселесі туралы есеп берді. Цой COVID-19 екінші толқынына дайындық қызу жүріп жатқанын атап өтті.

"Күз-қыс маусымдарында коронавирустың жаңа толқыны болуы мүмкін деген күдікпен бірқатар жұмыс жүргізілді. Біріншіден, бірыңғай дистрибьютордың (СҚ Фармация - ескерту) қоймаларында 2 айлық дәрі-дәрмектің азаймайтын қорын қалыптастыру. 8,2 миллиард теңгеге тапшы және қажет 44 дәрінің түрі сатып алынып жатыр. Ол бір айға шамамен стационарлардағы 60 мың науқасты емдеуге есептелген. Дәрі-дәрмектің азаймайтын қоры өтінімнен тыс денсаулық сақтау министрлігінің болжамы бойынша сақтық шарасы үшін сатып алынып жатыр", деді министр.

Оның айтуынша, COVID-19 бойынша 2 айға есептелген дәрі-дәрмек қоры бірыңғай дистрибьютордың (СҚ Фармация - ескерту) хабында сақталады.

"2020 жылдың 15 қазанындағы мәлімет бойынша 5,92 миллиард теңгеге 37 дәрінің түрі сатып алынды. Бұл шара дәрі-дәрмектің резервін құруға мүмкіндік береді", деді Цой.

Айта кетейік, Қазақстанда 109 623 адам COVID-19 жұқтырды. 105 145 науқас айықты, 1 768 адам қайтыс болды.