ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Өзіндік қауіпсіздік басқармасының мамандары тексеру кезінде күдіктілер есірткі жинап, кейін сату үшін Құмөзек ауылына шығатынын анықтайды.
Алайда күдіктілер отырған көліктегі жүргізуші арнайы бөлімшенің қызметкерін әдейі қағып өтеді және ол ауыр жарақат алады. Қаруланған күдіктілер жылдамдықты асырып, қашуға тырысқан. Көлікте үш адам болған.
Олар полицейлердің ескерту үшін атқан оғын елемеген. Содан соң полицейлер көлікке оқ атқан. Күдіктілердің екеуі жарақат алды. Біреуі ауруханада қайтыс болады, екіншісіне стационарда көмек көрсетілген, үшіншісі ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"Қылмыстық кодекстің 297, 345, 362-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпаратты жариялауға болмайды", - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер.
Tengrinews.kz редакциясына пайдаланушылардың бірі күдіктілер отырған көліктің және күдікті болған полицейлердің аты-жөні жазылған құжаттың фотосын жолдады.