Ветеринарлық қызмет мамандары патологиялық материалдан сынамалар алып, Нұр-Сұлтан қаласындағы ветеринарлық зертханаға жеткізді. Зерттеу нәтижелері бойынша жоғары патогенді құс тұмауы анықталған.
"Өлген құстар арнайы белгіленген жерде өртеліп жойылды. Баскөл ауылдық округі әкімінің № 11 қаулысы шығып, 21 тәулікке карантин режімі енгізілді. Қаулыға сәйкес елді мекендерден шығуға, құс өнімдерін экспорттауға шектеу қойылды", делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, жалпы Бесқарағай ауданында 25800 құс тіркелсе, оның 1245-і Баскөл ауылында. Ол аймақта құстарға вакцина салынған.