Аймақтар • 20 Қазан, 2020

Атырауда азаматтығы айқындалмаған 12 адам анықталды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары, полиция полковнигі С.Сейітжанов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда азаматтығы айқындалмаған 12 адам анықталды

Министрлік өкілінің айтуына қарағанда, қазір елімізде КСРО кезеңінен бері  құжаттандырылмаған немесе жеке басын куәландыратын құжаты жоқ, төлқұжатын ауыстырмаған азаматтарды анықтап, құжаттандыруға бағытталған республикалық акция өтіп жатыр.

"Атырау облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы аталған акция кезінде 12 тұлғаны анықтады. Оның ішінде ҚР азаматтығын айқындайтын құжатсыз, яғни КСРО паспортымен жүрген 3, ҚР азаматы екенін басқа құжатпен айқындайтын құжатсыз 3, ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР азаматтығынан шығуына байланысты азаматтығы жоқ адам деп танылған 1, шет мемлекеттің азаматтығынан шығуына байланысты азаматтығы жоқ адам деп танылған 6 тұлға бар", деп хабарлады ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары, полиция полковнигі С.Сейітжанов.