Білім • 20 Қазан, 2020

Білім министрі: Оқытушылар жалақасының өсуі бұл – Президенттің тапсырмасы

1546 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы өсуі бұл – Президенттің тапсырмасы. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Білім министрі: Оқытушылар жалақасының өсуі бұл – Президенттің тапсырмасы

"Жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысын көтеру мәселесін мұның алдында қарастырған болатынбыз. Жалақының өсуі өте маңызды. Жалақының өсуі ректорлар немесе министрлердің әлде министрліктің жұмыс нәтижесі емес. Біз соны дұрыстап түсіндіруіміз керек. Бұл Мемлекет басшысының берген тапсырмасының арасында мүмкін болып отыр. Біз көбінесе осы мәселені дұрыстап жеткізбейміз», деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысы барысында.

Министдің айтуынша, егер Мемлекет басшысы тапсырма беріп, бюджеттен тиісті қаражат бөлінбесе, онда жалақының өсуіне де мүмкін болмайтын еді.

"Сондықтан дұрыс ақпарат беру өте маңызды. Көбінесе осы ақпарат біздің әріптестерімізге жетпейді. Тағы да қайталап айтамын, жалақының өсуі бұл – Президенттің тапсырмасы. Ол ректордың әлде министрліктің арқасында болған шаруа емес. Осыны дұрыс қабылдап, дұрыс жеткізу керек", деді ол.