Спорт • 20 Қазан, 2020

Үстел теннисінен 2021 жылға арналған жарыстар кестесі бекітілді

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның үстел теннисі федерациясының бапкерлер кеңесі онлайн форматта жиын өткізіп, 2021 жылға арналған спорттық және бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын құрды деп жазады Olympic.kz. 

Үстел теннисінен 2021 жылға арналған жарыстар кестесі бекітілді

Егер елдегі және әлемдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсаратын болса, 2021 жылдан бастап төмендегі турнирлер өткізіледі: 

Қазақстан чемпионаты (Қарағанды), әлем чемпионаты (Корея), "Азия-Еуропа" халықаралық жасөспірімдер турнирі, А. Булахов атындағы турнир (Ресей) Қазақстанның ашық командалық чемпионатының І туры (Қарағанды), Ресей командалық чемпионатының ІІІ туры, Ақпан Батыр атындағы халықаралық турнир (Шымкент), "Наурыз" халықаралық турнирі (Павлодар), оқу-жаттығу жиындары.