15 Қараша, 2013

Сауд Арабиясы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болудан бас тартты

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 11 - OONСауд Арабиясы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болудан бас тартты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Сауд Арабиясы тарапынан Қауіпсіздік Кеңесіндегі ұсынылған орыннан бас тарту жөнінде хат алды. Хатқа Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігімен жазылған арыз жапсырылған. Онда Қауіпсіздік Кеңесінің Сириядағы жанжал мен Палестинадағы мәселені шешуде қауқарсыз екені жазылған.

Енді БҰҰ 2014-2015 жылдарға Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуды басқа елге ұсынады. Әзірге белгілі болғандай, 1965-1966 және 1982-1983 жылдары Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелік етіп көрген Иордания мемлекеті бұл жолы да бүкіләлемдік ұйымның мүшесі атануы мүмкін.

«Шешілмей отырған бірқатар сұрақ бар, алайда, Кеңестегі орынға мүше болуға Иордания басты үміткер ретінде қаралып отыр», – деп мәлімдеді ИТАР-ТАСС агенттігің БҰҰ штаб-пәтеріндегі ақпарат көзі.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар