Қоғам • 20 Қазан, 2020

Жандарбек Бекшин кинотеатрлардың ашылуына қатысты пікір білдірді

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 26 қазаннан бастап кинотеатрлардың ашылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жандарбек Бекшин кинотеатрлардың ашылуына қатысты пікір білдірді

"26 қазанда кинотеатрлар ашыла бастайды. Оған дейін жеткілікті уақыт бар. Біз мұны тағы қарастырамыз. Соңғы екі күнде ауру өсімі байқалып отыр. Аурудың таралу коэффициенті 1-ден асты. Алдағы уақытта не болатынын тағы да бағамдап көреміз. Егер ауру көрсеткіші өссе, барлық қауіпті талқылап, кинотеатрлардың дайындығын жеке қарастырып, тиісті шешім қабылдаймыз. Бұл шешім бірден қабылданбайды", - деді Ж.Бекшин. 

Еске сала кетейік, бұған дейін 26 қазаннан бастап Қазақстанда кинотеатрлар ашылатынын хабарлаған едік.