16 Қараша, 2013

Таяқ лақтырсаң, экономист пен заңгерге тиеді

310 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Қазмедиа орталығы» ғимаратында Орталық коммуникациялар қызметінің шақыруымен Парламент Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Мұхтар Тінікеев брифинг өткізді.

Брифингте айтылған негізгі мәселеМемлеке басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 11 қазанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында міндеттеген тапсыр­­­­маларының орындалу барысы болды. Журналистермен жүздесуде депутат Елбасы сын тезіне салған фактілерге тоқтала келіп, жыл сайын республика жүзінде орын алатын жобалардың қымбаттауына байланыс­ты қосымша қаржыдан 60 млрд. теңге жұмсалатынын алға тартты.

* Президент тапсырмасы қалай орындалуда?

Және, өкінішке қарай, ол сома жыл сайын артып отырғанына қынжылысын білдірген депутат: –Жобалардың қымбаттауы пара алу есебінен болып отыр. Бұл ешкім үшін де құпия емес, – деді. – Біз егер де ел бюджетін 3 жылдық етіп бекітсек, неге тендерлерді де сол мерзімде бір рет өтетін етпейміз. Сонда тендерге қатысушы өзінің 3 жыл бойына атқаратын жұмысы барлығына сенімді болар еді және банктер де оларға несие беруге құлық танытар еді.

М.Тінікеев әрі қарай: «Ал коммерсант не істейді? Ол тендер өткізетін шенеунікке қаражаттың 10-15 пайызын беруге мәжбүр. Сондықтан осындай жағдай туындап отыр. Неліктен бізде тұрғын үй қымбат? Өйткені, тағы да біздің шенеуніктер пара алады, – деді түпкі ойын жасырмай. – Әрине, мен барлығы бірдей осындай деп айтудан аулақпын, бірақ осының бар екені де шындық. Сондықтан да, Президент мем­­­­­­­­­лекеттік орган­­дардың жетекшілері мен әкім­­дерге бұл комиссияларға өзде­рі төр­ағалық етуі қажеттігін тіке­­лей айтты. Бірінші басшы жауап­кершілікті мойны­на алуы тиіс. Ақмола облысында, мәсе­­лен, 1200 орындық мектептің құры­лысы 900 орындық мектептен шама­мен 300 млн. теңгеге арзанға түскен. Ал Аты­рау облысында-ау деймін, аурухана құры­лысы 150 млн. теңгеге қымбатқа түскен».

Осылай деген М.Тінікеев тағы бір маңызды жайтқа тоқталды. Ол еліміздің ЖОО-ларында оқитын студенттердің біліміне қатысты болды. «Біздің қазір жоғары оқу орындарына «Антиплагиат» бағдар­­ламасын енгізуіміз қажет. Бізде студенттердің көп бөлігі­нің курстық жұмыстарды интер­неттен алатыны тіпті де жасы­рын емес. Болашақ мамандар оқуларын тәмамдаған соң диплом­дық жұмысты да интернет­тен көшіріп алады. Ал «Антип­ла­гиат» бағдарламасы іске қосылса, жұмыстың қайдан, қалай алын­ған­дығы, кімнің жазғандығы бір­ден көрінер еді. Егер осы бағдар­ламаны шындап қолға алсақ қана білімді тек мықтылар, тіпті, сау­сақ­пен санарлық қана адамдар алып, осылайша қазіргідей өз мамандығын толық меңгермеген ма­мандарды тоғыту тоқтатылады. Жалпы, бізге осыншама заңгер мен қаржы­гер­лер­дің керегі қанша? Бүгінде таяқ тас­та­саң, экономист пен заңгерге тиеді», деді ол.

Депутат брифинг соңында журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар