Қазақстандықтардың 97 пайызы үстіміздегі жылдың 11 қазанындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының Үкімет пен жергілікті атқару органдарын қатаң сынға алуынан кейін олардың халықтың өткір мәселесін шешу жөніндегі жұмыстары неғұрлым белсенді бола түсті деп есептейді.
Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты үстіміздегі жылдың 11 қазаны күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел Президентінің берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы қазақстандықтардың қоғамдық пікірін білу мақсатында 9-14 қараша аралығында әлеуметтік сауалнама жүргізді. Сауалнама 14 облыс пен республикалық маңызы бар 2 қала тұрғындарын қамтыды.

Сауалнама бойынша қазақстандықтардың 97 пайызы аталған отырыста Елбасының Үкімет пен жергілікті атқару органдарына айтқан қатаң сынынан кейін олардың халықтың өткір мәселелерін шешу жөніндегі жұмыстары белсенді бола түсті деп есептеген.
Сауалнамаға қатысқандардың 97 пайызы Президенттің тапсырмаларын орындау жөніндегі Үкімет пен жергілікті атқару органдарының қызметі туралы білетін болып шықты.
ТКШҚ, ауыл шаруашылығы, білім беру салаларының қызметі және әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік жобалар мен бағдарламалардың жүзеге асырылуы респонденттердің үлкен сын ескертпелеріне ұшыраған. Сауалнамаға қатысушылардың 90 пайызы мұның себебі, жекелеген шенеуніктердің жауапсыздығына қатысты болып отыр деп есептейді.
Сауалнамаға қатысушылардың 72 пайыздан астамы Елбасы сынынан қорытынды шығару жөніндегі неғұрлым сәтті жұмыс игерілмей қалған бюджеттік қаражаттар, жобалардың қымбаттауы мен дұрыс қаржыландырылмауы үшін шенеуніктерді жазалауды қарастырған жаңа заң жобасының әзірленуі болды деп есептесе, 84 пайызы – жаңа трассалық дәрігерлік құтқару пункттерінің жыл соңына дейін іске қосылатындығы, 94 пайызы – мемлекеттік қала құрылысы кадастрының біртұтас жүйесінің енгізілуі, 92 пайыздан астамы – Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша мемлекеттік органдардың қызметі мен проблемалық мәселелерді жариялау жөніндегі БАҚ-тар қызметінің жақсаруы деп есептеген.