Үкімет • 21 Қазан, 2020

Қатер қайдан демеңіз (Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады)

513 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелері қаралды. Бұл мәселе жөнінде Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ.Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетов, Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаев баяндама жасады.

Қатер қайдан демеңіз (Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады)

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

 

Құс тұмауы құрықталды ма?

Осы бағыттағы қазіргі жағ­дай туралы баяндаған Ауыл ша­­руа­шылығы министрі Сапар­хан Омаров атап өткендей, вете­­ри­нарлық қауіпсіздікті қам­­тамасыз ету мақсатында жос­­парлы профилактикалық іс-ша­­ралардан (вакциналау және диаг­ностикалау) тұратын ветери­­нарлық іс-шаралар жүргі­зілуде. Биылғы 9 айда жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауру­ларына қарсы 122,2 млн вак­цина егіліп, жоспар 100,9% орын­далды. Ветеринарлық препа­рат­тардың шамамен 60%-ы елімізде өндіріледі.

«Республикамыздың аума­ғы­на тара­луы үлкен қауіп төн­ді­ріп тұрған аса қауіпті ауру­лар тізбесіне 68 ауру түрі ен­гі­зілді, олардың 45 түрі бойынша Қазақстанда эпизоотиялық ахуал тұрақ­ты, 23 түрі бойынша диагностикалау және вакциналау бойынша арнайы ве­те­ринарлық-профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр», деді С.Омаров.

Биыл өткен жылдың осыған сәйкес кезеңімен салыстырғанда жануарлардың аса қауіпті бір­қатар ауруының таралуы бә­­сең­деді. Сібір жарасы мен Нью­касл ауруы бойынша эпизо­отиялық ахуал қалыпты. Сон­дай-ақ 2019 жылмен салыс­тыр­ғанда бруцеллез бойынша қауіпті ошақтардың азайғаны байқалады. Олардың ішінде 93 індет ошағы зарарсыздандырылып, шектеулер алынды, ал 59 пунктте ветеринарлық-сауық­тыру іс-шаралары жалғас­ты­рылуда. Дегенмен өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда республика аумағында құтырма ауруы бойынша жануарлардың аса қауіпті ошақтарының көбейгені байқалады, сондай-ақ 2005 жылдан бері таза қалпында келе жатқан республикада құс тұмауы тіркелді.

Құс тұмауы бойынша елдегі эпизо­отиялық ахуалға қатысты 2020 жылғы 22 қыркүйектен 19 қазанға дейінгі кезеңде құс­тар­дың өлім-жітімі тіркелді, оның ішінде 7 облыста жоғары пато­генді құс тұмауына күдік неме­се расталған жағ­дайлар орын алды. Жеке аулаларда 26,5 мың, 3 құс фермасында 847,4 мың құс қырылды. Осы­лай­ша жоғары патогенді құс тұ­мауынан барлығы 873,9 мың құс қы­рылып, бұл жалпы құстардың 1,9%-ын құрады. С.Омаровтың ай­туынша, құстардың өлім-жіті­мі басталған сәттен бастап ми­нистрлік жанынан және өңір­лерде жедел штабтар құрылды, олардың отырыстары күнделікті өткізілуде.

«Инфекцияның әр ошағы карантинге қойылып, құстарды және құс ша­руашылығы өнімін әкелуге және әкетуге тыйым салынды, инфекция ошағын жою, дезинфекция жүргізу, оқшаулау және жою шаралары іске асырылуда», деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Буферлік аймақ құру үшін жабайы құстардың ұшып ке­лу жолындағы үй құстарын мәж­бүр­леп вакциналауға ветерина­рлық препараттардың респуб­ликалық қорынан 4,4 млн доза көлемінде құс тұмауына қарсы вакцина бөлінді.

«Бүгінде жеті облыстағы же­ке аулаларда құстардың өлім-жітімі тоқтатылды, 3 құс фермасында құстардың қырылуы азайды, ауру құстарды жою және олардың иелеріне құнын өтеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Эпизоотиялық ахуал Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыстар әкімдіктерінің тұ­рақты бақылауында» деп сен­дірді ведомство басшысы.

 

Мал ауруының алдын алу маңызды

Бүгінде Қазақстан аусыл, жылқы мен шош­қаның афри­калық обасы, шош­қа­ның класси­калық обасы бойынша рес­ми қауіпсіз ел мәртебесіне ие. Сон­дай-ақ күйіс қайыратын ұсақ мал­дың обасы және сиырдың құтырма ауруы бо­йынша мәртебе алу жұмыстары жүргі­зілуде. Министр атап өткендей, бұл мал шаруашылығы өнімдерін өткі­­зуге қосымша нарықтар ашу­ға мүм­кін­дік берді. Мысалы, Қы­тай Халық Респуб­ли­касымен өнімнің 20 түріне, Иранмен өнім­нің 6 түрі бойынша, Пар­сы шығанағы елдерімен өнім­нің 6 түрі бо­йынша ветери­на­р­лық-санитарлық талап­тар келісілді. Шетелдік кәсіп­орын­дар тізіліміне барлығы 2 728 қазақстандық өндіруші, оның ішінде 250 кәсіпорын Үшінші елдер тізіліміне және 2 478 кәсіпорын ЕАЭО тізіліміне енгізілді. Экспортталатын өнім желісі 480-нен 551 тауар топтарына дейін кеңейтілді және қазақстандық өнімді импорттаушы елдердің тізбесі 65-тен 72 мемлекетке дейін ұлғайды.

Фитосанитария және өсім­діктер каран­тині жөніндегі іс-ша­раларға қатыс­ты 2020 жылы ауыл шаруашылығы дақыл­да­рының аса қауіпті зиянды орга­низм­деріне және карантиндік объек­тілерге қарсы 3,8 млн гектар алаңға, оның ішінде үйірлі ше­гіртке зиянкестеріне қарсы 514,9 мың гектар алаңға қор­ғаныш іс-шаралары жүргізілді. Министр атап өткендей, респуб­ли­ка аумағында тікенекті алқа каран­тин­дік арамшөптің таралу ошағы жойылды, америка­лық ақ көбелектің, калифор­ния­лық қалқаншалы сымырдың, жата­ған у кекіренің таралу алаңы төмендеді. Бүгінгі таңда әке­ліне­тін өнімдерге карантиндік фито­сани­тарлық бақылау мемле­кеттік шекараның бүкіл пери­метрі бойынша жүзеге асырылуда.

«2020 жылдың 9 айы ішінде Қазақстан Республикасына карантинге жатқызылған өнімнің импорты кезінде өсімдіктер карантині саласында 3 082 бұ­зу­шылық анықталды, 137 млн теңге әкімшілік айыппұл салын­ды, бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 4,7 есе көп» деді ведомство басшысы.

С.Омаровтың айтуынша, рес­публика аумағындағы тұрақ­ты карантиндік фитосани­та­рлық ахуалдың нәтижесінде отан­дық өсімдік шаруашылығы өні­мін өткі­зудің басым нары­ғына жеткізуге шектеулер жоқ. Қытайдың Бас кеден бас­­қар­­масымен фитосанитарлық каран­тиндік талаптар бойынша 10 хат­та­маға қол қойылды. Қытай Халық Респуб­ликасы Тізіліміне өсімдік шаруашы­лығы өнімдерін өндіретін және өңдей­тін 486 отандық кәсіпорын енгізілді. Өсім­дік шаруашылығы мен мал шаруашы­лығы өнім­дерін қадағалау жүйесін және «Рос­сельхознадзордың» ақпараттық жүйе­сімен интеграцияны дамыту жұмысы жүргізілуде.

Өз кезегінде Солтүстік Қазақ­стан облы­сының әкімі Құмар Ақ­сақалов өңірде ветеринарлық және фитосанитарлық қауіп­сіздікті қамтамасыз ету бойынша жұ­мыстар жоспарлы түрде жүр­гізіліп жат­қанын хабарлады. Қабылданған шара­ларға қара­мастан, облыс аумағында құс тұмауы орын алды. Барлығы 450 мың бас қырылды. Негізгі себептер – құстардың жабайы қоныс аударатын және синантропты құстармен байланысы.

«Диагноз расталған елді мекендерде карантин режімі белгіленді. Вакцинаның 873 мың дозасы бөлінді, 554 мың құсқа екпе егілді. Құс иелеріне 66 млн теңге өтемақы төленді, жұмыс жалғасады» деді Қ.Ақсақалов.

Қостанай облысының әкімі Ар­хи­мед Мұхамбетов өңір аума­ғында каран­тин­дік объек­ті­­лерді, аса қауіпті және зиян­­ды организмдерді анықтау тұр­ғысы­нан жерлерді зерттеп-қа­рауды қоса алғанда, фитосани­тар­лық іс-шаралар, сон­дай-ақ хи­миялық өңдеу уақтылы жүргі­­зіліп жатқанын атап өтті. 10 елді мекен­де жоғары патоген­ді құс тұмауы бойын­ша ка­ран­тин жарияланды, блок-бекет­­тер орнатылды, дезинфек­циялық қон­дырғылары бар вете­ри­нарлық мамандар, карантиндік шараларды бақы­лау үшін полиция қызметкерлері бекі­тілді, ха­лықпен түсіндіру жұмыстары жүр­гізілуде. «Эпизоотиялық ахуал тұрақ­талды, соңғы 17 күнде құстар арасында өлім тір­келген жоқ, сауықтыру шаралары жалғасуда. Республикадан жеке үй аула­сына арналған вакцинаның 491 мың дозасы алынды, вакцинация аяқталды. Сонымен қатар құс фабрикаларында өз қаражаты есебінен 625 мың бас құс егілді. Облыс бойынша барлығы 968 мың бас құс вакциналанды», деп түйіндеді А.Мұхамбетов.

Мәселені Үкімет басшысы Асқар Мамин қорытындылады. «АӨК-тің бәсекеге қабілеттілігі ветеринарлық және фито­са­ни­тарлық қауіпсіздік жағдайына байланысты» деп атап көрсетті ол.

Премьер-Министрдің ай­туын­ша, мем­лекет ветеринарлық және фитоса­ни­тарлық жағдайды бақылаудың бар­лық қажетті шараларын қабылдауда. Жануар­лар мен құстардың 23-тен аса қауіпті ауруларына қарсы жоспарлы про­филак­тикалық іс-шаралар жүр­гізілуде.

Қазақстан бірқатар қауіпті аурулар (жылқы мен шошқаның африкалық обасы, шошқаның классикалық обасы) бойынша қауіпсіз ел ретінде ресми ха­лық­аралық мәртебеге ие. Осы жылдың 9 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанда листериоз, анаэробты энтеротоксемия, ринопневмония секілді жануарлардың аса қауіпті ауруларының саны азайды. 2020 жылы 3,8 млн гектар алаңда карантиндік нысандар мен ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті зиянды организмдеріне қарсы қорғау іс-шаралары жүргізілді. Уақтылы қабылданған шаралар шегірткелердің таралу ареалын 3,3 есеге (2018 жылғы 1,7 млн гектардан осы жылы 515 мың гектарға) дейін азайтуға мүм­­кін­дік берді. Отандық тауар өнді­ру­шілерді қолдау мақса­тында осы жылдан бастап аса қауіпті зиянды организмдермен, карантиндік объектілермен және арамшөптермен күресу үшін пестицидтердің барлық түрлерін субсидиялау тетігі іске қосылды.

Премьер-Министр вете­ри­нарлық және фитосанитарлық қызметті одан әрі нығайту жө­ніндегі шаралар кешенін әзір­леу, ветеринария және фитоса­ни­тария саласында тексерулер, бақылау және мониторинг, сондай-ақ карантиндік іс-ша­ра­лар жүргізу жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.

Үкімет басшысы бүгінгі таң­да құс тұмауына қатысты жағ­дай тұрақтанғанын еске сала келе жағдайға мониторинг жүр­гі­зуді жалғастыру, қажет болған кезде алдын алу шараларын жедел қабылдау қажет­тігін ескертті. Жергілікті атқарушы орган­дардың карантин мен шектеу шараларын белгілеу және алып тастау жөнін­дегі шешімдерін әділет органдарында тіркеу рәсімдерін оңайлатуды тапсырды.

Ауыл шаруашылығы ми­нистр­­лігіне мүдделі мемле­кеттік органдармен бірлесіп, тиім­ді бақылауды ұйымдастыру үшін ветеринарлық және фито­санитариялық қадағалаудың ұлттық жүйелерін құру тапсырылды.

«Тиісті ақпараттық базаны жетілдіру және процестерді авто­маттандыру арқылы ауыл ша­руашылығы жануарларын 100% сәйкестендіруді қамтамасыз ету қажет», деді А.Мамин.

Ауыл шаруашылығы мен Білім және ғылым министр­лік­теріне сала үшін кадрлар даяр­лауды жетілдіру және кейін ауылда жұмыс істеу шарты­мен ветеринарлық және фито­с­анитарлық қызмет маман­дықтары бойынша оқытуға бөлінетін гранттарды ұлғайту мәселесін пысықтау тапсырылды.

 

Дәрі-дәрмек дайын тұрады

Үкімет отырысында ха­лық­ты дәрі-дәрмекпен және меди­циналық бұйым­дармен қамта­масыз ету мәселе­лері де қарал­ды. Денсаулық сақтау министрі А.Цой, Индустрия және инфра­құ­ры­лымдық даму ми­нистрі Б.Атамқұлов, «СҚ-Фар­мация» басқарма төр­ағасы Е.Ес­қалиев, Түркістан облы­сының әкімі Ө.Шөкеев, Алматы облысының әкімі А.Баталов, Шым­кент қаласының әкімі М.Әй­тенов баяндама жасады.

«Мемлекет басшысы пандемия кезінде негізгі дәрі-дәр­мектер мен меди­циналық бұйым­дардың азаймайтын қо­рын қалыптастыруды тапсыр­ды. Үкімет коронавирус ин­фек­циясының жаңа толқынына дайындық, медициналық ұйым­дар мен халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр», деді А.Мамин бұл мәселе жайында.

Биыл міндетті медициналық сақтан­дыруды енгізу аясында тегін дәрілік заттардың тізбесі 45-тен 137 нозологияға дейін 3 есеге кеңейтілді. 2020 жылғы тамыз айынан бастап азаматтарға үйде коронавирустан емделу үшін дәрілердің 5 түрі (қызуды түсіретін, антикоагулянттар) тегін беріледі (қамту жоспары – 1 млн адам). Стационарлар мен жеке қорғаныш құралдарына арналған 91 түрлі дәрі-дәрмектен екі айлық республикалық және өңірлік қор қалыптастырылды. Дәріханаларда тапшылықты болдырмау мақсатында «СҚ-Фармация» бөлшек сау­да желісін толықтыру үшін қолда бар қорға қосымша 33 сұранысқа аса ие препараттарды сатып алады. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 39,8%-ға (93,4 млрд теңгеге дейін) өсті. Отандық тауар өндірушілер дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 5 042 атауына 88 ұзақмерзімді шарт жасасты.

Елімізде тәулік сайын 900 мың маска және 330 мың жұп қолғап, айына 504 мың қорғаныш костюмі шығарылады. Қазақстанның 17 өңіріндегі 297 ауруханаға 1 500 бірлік (100%) ӨЖТ аппараттары өндіріліп, барлығы жеткізілді. 376 жедел жәрдем машинасы, 63 жылжымалы медициналық кешен шығарылды. Барлық өңірлерде көлемі 13 млрд теңгеден асатын дәрілерді қамтамасыз ету үшін тұрақтандыру қорлары құрылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ведомствоаралық комиссияның шешімімен жер­гілікті бюджет есебінен сұра­нысқа ие дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін тұрақтандыру қор­ларын қалыптастыру әдістемесі бекітілді.

Премьер-Министр әкім­дік­терге осы жылдың 1 қарашасына дейін тұрақ­тан­дыру қорларының көлемін бекітілген нормативке дейін жеткізуді, медициналық ұйымдарда да, дәріханаларда да дәрі-дәрмектердің қажеттілігін үнемі қада­ғалап отыруды тапсырды. Бұл ретте тұрақтандыру қорлары есебінен дәрі-дәр­­мектерді сатып алудың нақты алго­рит­мінің болуы қажет екені атап өтілді.

«Денсаулық сақтау ми­нис­трлігіне «СҚ-Фармациямен» бірлесіп, стационарларда, әсіресе жұқпалы аурулар ауруханаларында дәрі-дәрмектердің болуына мониторинг жүргізуді тапсырамын. Дәрі-дәрмек тап­шылығы орын алмауы тиіс», деді А.Мамин.

Индустрия министрлігіне меди­ци­налық маскалар шыға­руды (тәулігіне 1,5 млн данаға дейін) арттыруды қам­тамасыз ету тапсырылды. Денсаулық сақтау министрлігіне келесі жылға дәрі-дәр­мектер мен медициналық бұйым­дарды уақты­лы сатып алып, жеткізуді қамта­масыз ету міндеттелді. Пре­мьер-Министр Мемлекет басшы­сының «СҚ-Фармацияның» дәрі-дәр­мекті сатып алуының тиім­ділігі мен жеделдігін арттыру туралы тапсырмасын бұл­жыт­пай орындау қажеттігін атап өтті.