16 Қараша, 2013

Қазақстан – АҚШ: әскери саладағы байланыстар

392 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков ресми сапармен Америка Құрама Штаттарында жүр. Вашингтонда Қазақстан Қорғаныс ведомствосының басшысы өзінің америкалық әріптесі – АҚШ Қорғаныс министрі Чарльз Хейгелмен кездесті.

Екіжақты кездесу кезінде Қа­зақстан мен АҚШ қорғаныс ве­домстволарының басшылары әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың бүгінгі жағ­дайы мен келешек дамуын тал­қылады.

– Америка Құрама Штаттары Қазақстан үшін стратегиялық се­ріктес болып табылады. Қазақ­стан мен АҚШ президенттері ара­сындағы жүйелі кездесулер, сондай-ақ, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту мәселелері бойынша жалпы түсінушілік біздің елдер арасындағы қарым-қатынастың тереңдей түсуіне ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков ресми сапармен Америка Құрама Штаттарында жүр. Вашингтонда Қазақстан Қорғаныс ведомствосының басшысы өзінің америкалық әріптесі – АҚШ Қорғаныс министрі Чарльз Хейгелмен кездесті.

Екіжақты кездесу кезінде Қа­зақстан мен АҚШ қорғаныс ве­домстволарының басшылары әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың бүгінгі жағ­дайы мен келешек дамуын тал­қылады.

– Америка Құрама Штаттары Қазақстан үшін стратегиялық се­ріктес болып табылады. Қазақ­стан мен АҚШ президенттері ара­сындағы жүйелі кездесулер, сондай-ақ, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту мәселелері бойынша жалпы түсінушілік біздің елдер арасындағы қарым-қатынастың тереңдей түсуіне ықпал етеді.

Ынтымақтастықтың маңызды аспектілерінің бірі – әскери саладағы өзара іс-қимыл, – деді Ә.Жақсыбеков.

Қазіргі кезде Қазақстан мен АҚШ қорғаныс ынтымақтастығы ұзақ мерзімді сипат алған және бесжылдық жоспарлау негізінде жүргізіледі (Анықтама: 2013-2017 жылдарға арналған ынтымақ­тастықтың бес жылдық жоспарына 2012 жылы қараша айында Вашингтон қаласында қол қойылды). Қазақстан – Америка әскери ынтымақтастығы бітім­гер­лік пен әскери білім сияқты салаларда дамуда.

Тараптар Ауғанстан мен Орта­лық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау мәсе­ле­лерін талқылады. Қазақстан Ауғанстандағы жағдайды тұрақ­тан­дыру жөніндегі халықаралық бастамаларды қолдайды және белсенділік танытады, деді Ә.Жақ­сыбеков.

– Біздің елдің Президенті Нұр­сұлтан Назарбаевтың бас­тамасымен Қазақстан Ауған­стан­ға экономикалық және гу­ма­нитарлық көмек көрсетуде. Қазақстан қорғаныс ведомствосы Қазақстанның Ауғанстанға жәрдем беру жөніндегі саясатының жүзеге асырылуына қатысады. Біз аймақтағы басқа да елдерге ықтимал қатерлерге қарсы тұру шеңберінде қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігінің артуына қолдау көрсетеміз, – деді Қазақстанның Қорғаныс министрі.

Өз кезегінде Ч.Хейгел Қазақ­станның Ауғанстандағы жағ­дай­ды тұрақтандыруға қосып отыр­ған зор үлесін атап өтті. Ол, сондай-ақ, Америка тарапы Қазақстан Қарулы Күштерімен ынтымақтастықты кадрлар даярлау, бірлескен жаттығулар өткізу, сондай-ақ, қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласында жалғастыруға мүдделі екенін айтты.

Бүгін Қазақстан Қарулы Күш­терінің дамуын белгілейтін үрдіс оның кәсібилендірілуі болып табылады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмасы бо­йынша әскери ведомство құрамы мен құрылымы жағынан тең, кез келген қауіп-қатерге қарсы тұра алатын, жоғары жауынгерлік даярлығы бар заманауи армия құрып, кәсіби негізге көшуді аяқтау кезеңінде тұр.

– АҚШ Қарулы Күштерінің әскерді кәсібилендіруде жақсы тәжірибесі бар. Осыған байланысты бізге кадр саясатында, персоналдарды жинау әдісінде, бюжеттік жос­парлау мен әлеу­меттік қамтамасыз етудің ерек­ше­ліктерін зерделеуде тәжірибе алмасу қажет. Сөз жоқ, кез келген қайта ұйымдастыру кадрлық әлеуетке байланысты және біз үшін қазақстандық әскери қызметшілерді АҚШ-тың оқу орындарында оқыту маңызды. Біз америкалық және қазақстандық әскери оқу орындарының ын­тымақтастығына мүдделіміз және әскери ғылым саласындағы өзара іс-қимылға дайынбыз, – деді Ә.Жақсыбеков.

Екі ел қорғаныс ведомстволары­ның басшылары әскери-тех­ни­калық ынтымақтастық, оның ішінде қорғаныс-өнеркәсібі са­ласындағы қарым-қатынасты дамыту мәселелерін де талқылады.

Өз кезегінде Қазақстан Қор­ғаныс министрі АҚШ-тың Қор­ғаныс министрлігі мен қорғаныс-өнеркәсібі кешендерінің өкілдерін «KADEX-2014» халықаралық қару-жарақ және әскери мүлік көрмесіне қатысуға шақырды.

Қорғаныс министрі бастаған қазақстандық әскери делегация General Atomic, Boeing Defense, OshKosh, Lockheed Martin, Sikorsky сияқты АҚШ қорғаныс-өнеркәсібі кешендеріне кіретін жетекші ком­паниялардың өкілдерімен кез­десті. Ә.Жақсыбеков олармен бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Содан кейін Ә.Жақсыбековтің қатысуымен АҚШ Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында дөңгелек үстел өтіп, Ауғанстаннан коалициялық күштер шығарылғаннан кейінгі болуы ықтимал оқиғалар сценарийі мәселелері талқыланды.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар