Оқиға • 21 Қазан, 2020

Әлемдік серияның кестесі бекітілді

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пандемияға байланысты биыл садақ атудан жабық ғимараттағы әлемдік кезеңнің бірде-бір жарысы өткізілген жоқ. Алайда қараша айынан бас­тап аталған турнир онлайн түрде ұйым­­дастырылады. Мұны ҰОК-тың бас­пасөз қызметі хабарлады.

Әлемдік серияның кестесі бекітілді

Бірінші кезең 21-22 қараша күндері Швейцарияның Лозанна қаласында, екінші кезең аталған қалада 20 желтоқсан күні шақырту бойынша өтеді. Кейінгі кезеңдері келесі жылдың 15-17 қаңтарында Францияның Ниме қаласында, 10-14 ақпанда АҚШ-та ұйымдастырылады. Тікелей эфирде жарысқа қатысқан садақ атушылар автоматты түрде ашық рейтингке енеді. Әрбір жарыс, сондай-ақ финалдық кезеңдері тікелей эфирде көрсетіледі.

 

Соңғы жаңалықтар