16 Қараша, 2013

Павлодарда көкек ана іздестіріліп жатыр

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында жаңа туған нәрес­­­тесін тастап қашқан көкек ана іздестіріліп жатыр. Ол баласын өзге біреудің қол арбасына қалдырып, қашып кеткен болып шықты.

Павлодар облысында жаңа туған нәрес­­­тесін тастап қашқан көкек ана іздестіріліп жатыр. Ол баласын өзге біреудің қол арбасына қалдырып, қашып кеткен болып шықты.

Құқық қорғау органдарының қызмет­керлері қазір жедел іздестіру жұмыстары үстінде ықтимал қашқын ананың кім екенін болжап отыр. Алдын ала ақпараттарға қарағанда, ол мұнда Балқаш қаласынан келген 22 жасар жас ана сияқты. Қолда бар мәліметтер оның екі айлық сәбиімен Екібастұздағы ауруханаға жатқанын, өз сәбиін басқа бала жатқан бейтаныс адамның қол арбасына тастап, қашып кеткенін айғақтайды.

Мұны бірінші болып аулада қыдырыстап жүрген науқастар байқайды. Олар сол бойда сәбидің анасын іздестіріп, шу көтереді. Бірақ келмеуге бекінген бойжеткен қарасын көрсетпей кетеді.

Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің жағдайы қазір жақсы. Ал тәртіп сақшылары баласынан безген келіншекті іздестіріп жатыр. «Қазір оның кім екені белгілі болды. Енді қазіргі тұрғылықты жері анықталуда. Таяу арада жас келіншекті аналық құқығынан айыру мәселесі шешіледі», – дейді Екібастұз қаласы ішкі істер басқармасының инспекторы Айгүл Әбішева.

Мұрат АЙТҚОЖА.

Соңғы жаңалықтар