Парламент • 21 Қазан, 2020

Мәжіліс комитеттерінің төр­ағасы мен 2 хатшысы оппозиция депутаттары арасынан сайланады

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісі тұ­рақты комитеттерінің бір төр­ағасы мен екі хатшысы парламенттік оппозиция депутаттары арасынан сайланады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы туралы үндеуінде айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс комитеттерінің төр­ағасы мен 2 хатшысы оппозиция депутаттары арасынан сайланады

"Қазақстан Респуб­ли­­ка­сының Парламенті және оның депу­тат­тарының мәртебесі туралы" конс­титуциялық заң­ға және "Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Парламентінің коми­теттері мен комиссиялары туралы" заңға түзе­тулер енгізу арқылы парламенттік оппози­ция институтын құру мәселесін қарастыратын және оның қызметін регламенттейтін өзгерістер мен толық­тырулар жасалды. Енді Парламент Мәжілісі тұ­рақты комитеттерінің бір төр­ағасы мен екі хатшысы парламенттік оппозиция депутаттары арасынан сайланады", - делінген үндеуде.

Сондай-ақ онда парламенттік оппозиция бір сессия кезінде кемінде бір рет парламенттік тың­дау өткізу жөнінде бастама көтеру құқығын иеленетіні айтылған.

"Бір сессия кезінде кемінде екі рет үкімет сағатының күн тәртібін айқындайтын болады. Бұдан бөлек, саяси партиялар фрак­цияларының жетекшілеріне Парламент палаталарының бір­лескен отырыстарында, Пар­ла­мент Мәжілісінің пленар­лық отырыстарында, тұрақты коми­теттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, парламенттік тыңдауларда және басқа іс-шараларда сөз сөйлеуге кепілді құқық беріледі", деді Президент.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысының Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы туралы үндеуі жарияланды.

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58