Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Облыс әкімі әншіге құрмет көрсетті

1019 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арқа өңірінің атқамінерлері өнер адамына айрықша құрмет көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі әншіге құрмет көрсетті

Қарағанды облысының әкімдігінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің жоғары деңгейдегі вокалист-әртісі Жақсыгелді Кемаловты өңір басшысы Жеңіс Қасымбек мерейтойымен құттықтады.

Облыс басшысы Арқа төсінің алпыс жасқа толған атақты әншісіне адамдарға рухани ләззат сыйлаған өнеріне және дарынды жастардың жаңа буынын тәрбиелеп жүрген еңбегіне алғыс айтып, лайықты сый-құрмет көрсетті. «Сахнада жарқыраңыз! Сіздің керемет әндеріңіз ұзақ уақыт шырқала берсін!», деген тілек айтты.

Жақсыгелді Кемалов небір дүлдүлдер мен бұлбұлдар дүниеге келген  Жаңаарқа ауданының тумасы. Әнші отыз жылдан астам уақыт Қарағандыдағы Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестікте еңбек етіп келеді.

 

 

Қарағанды облысы