"Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депуттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы шешім қабылдады. Сайлау конституциялық мерзімге сәйкес өтеді. Жалпыхалықтық дауыс беру келесі жылдың 10 қаңтарында болады. Кезекті сайлауды тағайындау бұл мәселедегі айқынсыздықты болдырмайды. Ал сайлаудың өзі демократиялық жаңғыру тұрғысында қоғамымыздың одан ары кезең-кезеңімен дамуы аясындағы маңызды сатыға айналуы тиіс. Жаңа сайлау науқаны басталғанға дейін саяси жаңғыру, көптариялықты дамыту және елдің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысуын кеңейту бойынша шаралар қабылданғанын атап өткен жөн. Бұл парламенттік оппозиция институтын және партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыз квота енгізуге де қатысты. Тиісті заңды Парламент қабылдады. Ел Президенті атап өткендей, алдағы сайлау қолданыстағы заңнамаға сай өтетін болады", деп жазды Парламент Сенатының төрағасы Facebook парақшасында.
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Президенттің Мәжіліс депутаттарын кезекті сайлауды тағайындау туралы шешіміне қатысты пікірі білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Доллардың бүгінгі бағамы белгілі болды
Қаржы • Бүгін, 11:18
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Президент • Бүгін, 10:45
Түркістан облысында 10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 09:23
Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26
Аяз, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:16