Президент • 21 Қазан, 2020

Президент Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды

1985 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Президент Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

 Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасы Консти­туциясының 44-бабының 2) тар­мақшасына, «Қазақстан Республи­касындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 85-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалсын.

2. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 11 қаңтарға тағайындалсын.

3. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжі­лісі депутаттарының кезекті сайлауын дайындауды және өткізуді ұйым­дас­тырсын.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыс­тар­дың әкімдері Қазақстан Респуб­ликасы Парламенті Мәжілісі депутат­тарының кезекті сайлауын ұйымдас­тырушылық, материалдық-тех­ни­калық және қаржылық қамта­масыз ету бойынша қажетті шара­ларды қабылдасын.

5. Осы Жарлық жарияланған күні­нен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 21 қазан

№ 439