Қоғам • 21 Қазан, 2020

Алматылық 7 млн теңгеге жалған жолдама сатып алған

1665 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық 7 млн теңгеге туристік жолдама сатып алған. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматылық 7 млн теңгеге жалған жолдама сатып алған

Өткен жылдың қазан айында азаматша туристік компанияның директорына жолдама сатып үшін ұшып келген. Бірақ, оған бұған дейін дайындалып қойған электронды билеттердің жалған квитанциясы берілген.

"Айыпталушы сатып алушының сеніміне кіріп, 7,194 миллион теңге көлемінде материалдық залал келтірген. Айыпталушы өз кінәсін толығымен мойындады", дейді Медеу аудандық №2 сотының өкілдері. 

Іс материалдарын зерттей отырып, сот айыпталушының алаяқтық әрекетін кінәлі деп танып, оны 3 жылға бас бостандығынан айырып, үкім заңды күшіне енді.