Облыстық денсаулық басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 қазанда Теңіз кенішінің 9 жұмысшысы коронавирус жұқтырып еді. Өткен тәулікте олардың қатарына тағы да үш науқас қосылды. Ал Атырау қаласында соңғы екі тәулікте 9 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.
"Өткен тәулікте коронавирус індетінен үй жағдайында ем алып жатқан 32 адам жазылып шықты. Қазір 114 науқас үй жағдайында ем қабылдауда" деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.