Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Балалар құқығын қорғауға қатысты 150-ден астам қоңырау түскен

583 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыстық білім  сапасын бақылау департаментінің мәліметінше, биылғы жыл басынан бері департаментке кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау саласында қосымша құзіреттілік берілген, - деп хабарлайды Egemen.kz

Балалар құқығын қорғауға қатысты 150-ден астам қоңырау түскен

Қазір департамент мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен бірлесе жұмыс жасауда.

Балалар құқығын қамтамасыз ету барысында білім алуына, тамақпен қамтылуына, мектепке тасымалдау және демалысына, білім беру ұйымдарында сауықтырылуына, денсаулығына мониторинг жүргізіледі.

Сонымен бірге, арнайы ұйымдардағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың да құқығын қорғау жұмыстары бар.  

Сондай-ақ, қазір өңірде баласының оқуға келуін қамтамасыз етпеген ата-анаға қатысты әкімшілік іс қозғалуда.

Басқарма басшының орынбасары Гүлнәр Үздембаеваның айтуынша, қаңтар айынан бастап департаментке кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бойынша 4 өтініш келіп түскен.

Мысалы, колледж студентінің ата-анасына қатысты баласының оқу орнына келуін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Ата-анаға ескерту берілді.

"Биыл департаментке балалар құқығын қорғауға қатысты 150-ден астам қоңырау түсті. Ата-аналар да, педагогтар да қоңырау шалады. Қазір кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстар саны өсіп, 29-дан 35-ке жетті. Оның ішінде тонау, ұрлық саны айтарлықтай өскен. Бұған заңды білмеу, қамтамасыз етілмеу, ата-аналар бақылауының болмауы әсер етуде. Жалпы 403 ата-ана балалар тәрбиесінде міндеттерді орындамауға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Гүлнәр Үздембаева.

Ал, биыл өңірде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында немесе тұрғын емес орындарда болғаны үшін 2220 ата-ана жазаланды. Сот шешімімен 200 ата-ананың баланы тәрбиелеуде міндетінен жалтарғаны үшін ата-ана құқығы шектелген.


Павлодар облысы