16 Қараша, 2013

Мықты ел болу үшін ең алдымен есеп керек

540 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Әлі есінде... Ол жылдары мектеп бітірген балалардың жоғары білім алуға, алысқа сапар шегіп, ел көріп, жер тануға деген құштарлықтары ерекше еді. Тіпті, сол 1970 жылдардың жазында арман қуып, бақытын іздеп шыққан кей жігіттер теміржол вокзалына сол сәтте кеп тоқтаған пойызға көп ойланбастан міне салып, алып елдің түкпір-түкпіріне аттанып кете баратын.

Үздік оқығаны үшін мектептен алған «алтынын» арқалап, Серікбайдың сондай шұбатылған пойыздың бірімен Мәскеуге жетіп, геолог мамандығы бойынша жоғары оқу орнына түскенін естіген әкесі көп ұзамай біреуден сәлем айтып жіберіпті. «Тау-тас пен құмды кезіп,

Әлі есінде... Ол жылдары мектеп бітірген балалардың жоғары білім алуға, алысқа сапар шегіп, ел көріп, жер тануға деген құштарлықтары ерекше еді. Тіпті, сол 1970 жылдардың жазында арман қуып, бақытын іздеп шыққан кей жігіттер теміржол вокзалына сол сәтте кеп тоқтаған пойызға көп ойланбастан міне салып, алып елдің түкпір-түкпіріне аттанып кете баратын.

Үздік оқығаны үшін мектептен алған «алтынын» арқалап, Серікбайдың сондай шұбатылған пойыздың бірімен Мәскеуге жетіп, геолог мамандығы бойынша жоғары оқу орнына түскенін естіген әкесі көп ұзамай біреуден сәлем айтып жіберіпті. «Тау-тас пен құмды кезіп,үй бетін жылдап көрмей кететін ондай мамандықты бес жыл оқып әуре болмай-ақ қойсын, одан да ауылға келсе Отырардың отты даласын барлап жүрген сондай бір экспедицияға дипломсыз-ақ басшы етіп қоя саламын», депті әкесі Сәдуақас. Ол кезде шынында геология саласы, жер қойнауын зерттеу тек өзге жұртқа ғана тән жұмыс сияқты еді.

Содан Серікбай оқуын тастап ауылына қайтты. Елге келген соң қарашаңырақ – ҚазМУ-ге экономист мамандығы бойынша оқуға түсті. Ел болашағының баянды болуы, табысының артып, көшінің түзу болуы осы экономистердің қолында. Экономист үлкен шаруа­шылық, үлкен мекемені былай қойғанда, әр отбасыға керек ма­мандық. Өмір бойы Жамбыл, Түр­кістандағы университеттерде оқытушылық, осы оқу орындарында басшылық қызмет атқарып, экономист мамандарды дайындаған Серікбай Сәдуақасұлының же­текшілік етуімен 2 кандидаттық, 1 магистрлік диссертация қор­ға­лыпты.

– Қазақстанда қазір жыл сайын экономист мамандығына 350 орынға мемлекеттік грант бөлінеді, – дейді бізбен әңгімесінде Серікбай Сәдуақасұлы. – Мектепті алтын медальға бітіріп келгендердің өзіне бұл гранттар жетіспей, бір орынға 10-12 баладан таласып жатады. Елімізде 150-ге жуық жоғары оқу орны бар болса, соның 144-інде экономист мамандықтары дайындалады екен. Әйтсе де, осылардың бәрі мықты мамандар дайындап жатыр деп айта алмайсың. Меніңше, мұны да бір тәртіпке келтіру қажет. Қазір Назарбаев Университетінде осы сала бойынша мықты мамандар даярлануда. Түркістандағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жыл сайын қаншама балаларды шетелге жіберіп, магистратурада оқытып жатыр. «Болашақ» бағ­дарламасы бойынша елімізде мықты экономистердің шоғыры пайда болды. Бірақ, ел әлі де экономиканың не екенін түсінбей жатыр. Мықты ел болу үшін ең алдымен мықты есеп керек.

Серікбай Сәдуақасұлы құ­ны 6 миллион теңге тұратын «Шағын және бір салалы қала­ларды дамытудың әлеуметтік-экономикалық негізгі бағыттарын әзірлеу» атты жобаның орындау­шысы.

– «Оңтүстікте облыстық маңызы бар – 3, аудандық маңызы бар 4 қала орналасқан, – дейді экономика ғылымдарының докторы, Халықаралық экономикалық Еуразия академиясының толық мүшесі, Ресей Жаратылыстану ака­демиясының академигі С.Ыды­­­­­­рысов. – Осы 7 қаланың іші­­­­нен тек қана Кентау қаласы ғана моноқалаларды дамытудың бағдарламасына енген. Ал, Түр­кістан қаласы бұл бағ­дарлама тізімінде жоқ. Айта кететін бір мәселе, Қазақстанда ша­ғын және моноқалаларды әртүрлі эко­но­микалық және әлеуметтік жағ­дайларына байланысты жік­теудің ғылыми негіздері жасал­маған. Сондықтан тек қана халық пен өндіріс салаларының санымен, олардың жалпы өнімдегі үлес салмағымен ғана анықталған. Бұл әдістеме шетелдіқ ғылыми-зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес келмейді.

Мысалы, қазіргі кезде Түркіс­тан қаласын әлеуметтік-эко­номикалық жағдайына байланысты қарастырсақ, оның хал­қының саны мен өндірістің үлес салмағымен есептегенде мұны моноқаланың қатарына қосса да болады, себебі – тек қаланың өзін алсақ, делдалдық сату мен сатып алу (базар) саласынан бас­қа жұмыс істеп тұрған өндіріс ошақтары өте аз. Меніңше, шағын қалаларды күйзелісті жағдайдан шығару үшін инновациялық жү­йе­­ні құрудың орталық және аймақтық билік көмегімен жүзеге асырылатын, экономикалық қолдау көрсетудің жан-жақты шараларын қарастыратын мақсатты кешендік бағдарлама жасалуы қажет. Мұн­­­дай бағдарламада олардың әрқайсысының жауапкершілігі мен өзара қарым-қатынас жасау қағидаттары нақты анықталуы тиіс.

Оралхан ДӘУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар