Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Алматы облысында "Нұрлы жер" арқылы 2800 отбасы баспаналы болады

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында биылғы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша 2843 отбасы үйлі болады, соның 725-і - көп балалы отбасы. Бұл туралы бүгін облыстық мәслихат сессиясында депутаттар алдында есеп берген облыс әкімі Амандық Баталов айтты, - Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы облысында "Нұрлы жер" арқылы 2800 отбасы баспаналы болады

Амандық Баталов өз сөзінде облыстық бюджеттен тұрғын үй сертификаттарына 500 млн. теңге бөлінгенін айтты. Оның  171,1 млн. теңгесі 256 сертификатқа берілген. Өткен 9 айда «7-20-25» бағдарламасы бойынша 365 отбасы (жоспар – 467), «Бақытты отбасы» бағдарламасымен 511 отбасы (жоспар – 590) баспанаға қол жеткізді.

1 маусымнан «Нұрлы жер» бағдарламасының «Шаңырақ 5-10-20» жаңа бағытын іске асыру басталды, бұл бағдарламада 1986-2017 жылдар аралығында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды несиелендіру қарастырылған. Облыста олардың саны - 39 809 адам.  

Осы бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен тұрғын үй құрылысына 6,4 млрд. теңге бөлінді. Соның нәтижесінде биылғы жылы осы бағдарлама арқылы 476 адамды үймен қамту жоспарланып отыр.