Қыркүйек айының екінші жартысынан бастап бүгінге дейін интернет-дүкенге қатысты сомасы 3,9 млн теңгені құрайтын барлығы 90-нан астам азаматтың шағымы келіп түсті.
Комитет қабылдаған шаралардың (келіссөздер, ресми хат алмасу) нәтижесінде сомасы 3,2 млн теңгені құрайтын 66 тұтынушыға қаражат қайтарылды. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгінген басқа тұтынушыларға қаражат 2020 жылдың қазан айының соңына дейін қайтарылатын болады.
Wildberries интернет-дүкенінің ақпараты бойынша, қаражатты қайтаруды рәсімдеген кезде ақша сол күні аударылады, содан кейін банк қаражатты тұтынушыға аударады. Ағымдағы ақша аударымының кешігуі Wildberries шотына қызмет көрсететін банктің техникалық мәселесіне байланысты болып отыр.
Wildberries интернет-дүкенінен қаражатты қайтаруды күтіп жүрген қазақстандық тұтынушылардың жалпы саны белгісіз. Осыған байланысты аталған компания қаражатты қайтармаған жағдайда Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне немесе тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік департаментке жүгінуді, сондай-ақ шағымды онлайн түрде: @kzpp_bot телеграм-бот немесе электрондық үкімет порталы арқылы беруді сұрайды.