Коронавирус • 22 Қазан, 2020

Коронавирус жұқтырған 101 адамның жағдайы нашар

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылдың 22 қазанында коронавирустық инфекциядан 2 716 адам ем қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус жұқтырған 101 адамның жағдайы нашар

Олардың арасында 177 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 118 науқас жатыр. 598 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 101 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 10 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.