16 Қараша, 2013

Марченконың ендігі көздегені – «Халықтық банк»

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16-11-13-marchenko-1

Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы басшысы Григорий Марченко енді тұрақты жұмыс істеуге ынталы емес. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» хабарлады.

«Мен тұрақты жұмысқа шықпаймын. Директорлар кеңесінде істегім немесе сонда кеңесші болғым келеді», - деді ол жұма күні Алматыда.

«Мен өзіме тендер жарияладым. Қазір бұл процестің ортасында тұрмын», - деді ол.

Бұл – Марченконың өзіне бірінші рет тендер жариялауы емес. Бұған дейін ол бірнеше рет Орталық банкті басқарды. Соның ішінде 90-шы жылдары банк секторында реформа жүріп жатқан кезде Ұлттық банктің тізгінін ұстады. Ал 2009 жылы әлемдік қаржы дағдарысы күйіп тұрған кезде Ұлттық банкке тағы оралды. Сол жылы күтпеген жерден ұлттық валютаның девальвациясын жасап, жұрттың біраз наразылығына ұшырады.

Енді ұлттық банктен кеткенкен кейін, өзінің айтуынша, өзіне өзі тендер жариялап отыр. Бұл жерде оған Халық банкі директорлар кеңесінің төрағасы болу жөніндегі ұсыныс қызықтырақ болып көрініп отырған сияқты.

Айта кету керек, қазіргі күндері Г.Марченко негізінен Швейцарияда тұрып жатыр. Алматыға айына бір рет келіп кетеді.

Сәкен Майлыбай.

Соңғы жаңалықтар