
Грузияның жаңадан сайланған президенті Георгия Маргвелашвилиді ұлықтау рәсіміне санаулы күндерден кейін экс-президент аталатын Михаил Саакашвили де арнайы шақырылды. Бұл туралы Trend порталы хабарлады.
Грузия президенті әкімшілігінің хабарлауынша, М.Саакашвилиге инаугурацияға шақырту қағазы 14 қараша күні тапсырылған. Дегенмен, Георгия Маргвелашвилидің «тойына» Саакашвилидің қатысуы не қатыспауы екіталай.
Қазіргі уақытта Михайл Саакашвили Брюссель қаласында Еуропарламент депутаттарымен кездесуде.
Грузия президенті әкімшілігінің басшысы Андро Барновтың айтуынша, Саакашвилидің инаугурацияға келу-келмеуі жаңа биліктің президенттік институтқа деген көзқарасына байланысты.
Айтпақшы, 17 қараша күні өткелі отырған аталмыш инаугурацияға Грузияның экс-президенті Эдуард Шеварднадзе де шақырылды.
Жолдыбай Базар.