16 Қараша, 2013

АҚШ-та Тохтахуновпен байланысы бар екі адам кінәларын мойындады

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 11 - TohtahunovАҚШ-та халықаралық қылмыстық топ құру ісі бойынша жауапқа тартылып жатқан Анатолий Голубчик пен Илья Тринчер өз кінәларын мойындады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Нью-Йорк қаласы Оңтүстік округінің бас прокуроры Приит Бхарараның айтуы бойынша, қазіргі уақытта Ресейде тұрып жатқан кәсіпкер Алимжан Тохтахунов аталмыш қылмыстық топтағы басты тұлғалардың бірі. АҚШ билігі оның халықаралық ойын кәсібін жүргізгеніне сенімді. Тергеу амалдарының дерегі бойынша, қылмыстық топ адамдарды қорқытып, олардан ақша талап еткен.

Белгілі болғандай, Анатолий Голубчик Манхэттен федералды сотында өз кінәсін мойындаған. Ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал Илья Тринчер өз кезегінде заңсыз ойын кәсібін жүргізуге қатысқанын мойындады. Оған байланысты 5 жылға дейін түрмеге қамау жазасы қарастырылады.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар