16 Қараша, 2013

Германияда экс-президентке қатысты сот процесі басталды

320 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

16-11-13-vulv-1

Үстіміздегі жылғы 12 қараша күні Германияда 2010 жылдың жазынан 2012 жылғы ақпанға дейін елдің президенті болған Кристиан Вульфтің ісі бойынша сот отырысы басталды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Жоғары мемлекеттік лауазымда екі жылдан астам уақыт отырған тұлғаға 2003-2010 жылдары Төменгі Саксонияфедералды жерінің премьер-министрі болған кезінде қызметтік лауазымын жеке мүддесіне пайдаланды деген айып тағылып отыр. Прокуратура мұны экс-президент пен оның досы – бизнесмен және кинопродюсер Давид Грёновольд арасындағы байланыста заң талаптарын бұзушылық бар деп есептейді. Айыптаудың болжамы бойынша кәсіпкер 2008 жылы Бавария астанасына «Октоберфест» сыра фестиваліне қатысуға келген Вульф пен оның сол кездегі әйлі Беттинаның Мюнхен мейманханасындағы нөмірі үшін 510 еуро ақша төлеген. Бұдан басқа, жұбайларды құны 209 еуро тұратын кешкі аспен сыйлаған. Ал фестиваль аяқталған күннің тура ертесіне Грёновольдтан Вульфтың атына хат келіп, онда өзінің жобаларының біріне қолдау көрсетуді өтінген. Арада 2,5 ай өткенде премьер-министр сол өтінішті орындаған. Айыптаушы жақ осы екі фактінің қорытындыда Вульфтің өз әкімшілік ресурстарын Грёновольд өтінішін орындауға тікелей қатысы бар деп есептейді. Бұл іске, айтқандай, кәсіпкердің өзі де лауазымды тұлғаны сатып алған адам ретінде тартылып жатыр.

Іс сол кезде Вульф премьер-министрі болған Төменгі Саксонияның федералды жерінің астанасы – Ганновер қалалық сотында қаралуда. «Процестің шеңберінде 22 отырыс өткізу жоспарланған. Ол рождестволық және жаңажылдық мерекелерден басқа күндері аптасына екі реттен өтіп тұрмақ. Вердикт шашамен келесі жылдың мамыр айында шығарылады», - деді ИТАР-ТАСС тілшісіне соттың баспасөз қызметінен.

Бәрі 2011 жылдың желтоқсанында Bild газетінде президент пен әйелінің 2008 жылы Вульфтің жақын досы кәсіпкер Эгон Геркенстің әйелінен үй сатып алу үшін 500 мың еуро көлеміндегі жеңілдетілген күдікті несие алуы туралы мақала жазылғанынан басталды. 2012 жылдың басында-ақ Вульф осы кредит туралы Bild-те мақала жарияланғалы жатқанын білді. Ал материал жарыққа шығардан бір күн бұрын ол бас редактордың таблоидының автожауабына хабарлама қалдырып, егер заметка шыға қалса, Axel Springer баспасымен барлық байланысын үзетінін айтып қорқытқан. Бұдан кейін Вульф баспа басшысы Матиас Дёпфнермен де, акционерлік баспа үйінің директорымен де кездеседі. Бірақ бұл келіссөздердің бірде-бірі табысқа жеткізбеді, жарияланым бәрібір газет бетінде жарыққа шығып кетті.

Ақырында Кристиан Вульф 2012 жылғы ақпан айында отставкаға кетуге мәжбүр болды.

Сәкен Майлыбай.   

Соңғы жаңалықтар