
«Справедливая Россия» партиясының төрағасы Сергей Миронов төртінші мәрте үйленді. Бұл жолы эсерлер лидерінің таңдағаны Санкт-Петербургтің 29 жастағы журналисі Ольга Радиевская болды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Lifenews баяндағандай, 60 жастағы саясаткер болашақ жұбайын айтарлықтай біраздан бері біледі екен. Алайда, олар бір-бірімен қарым-қатынастарын қазір ғана заңдастыруға шешім қабылдапты. Ал үйлену туралы ұсынысын Миронов ерекше етіп жеткізіпті. «Ол Оляның терезесінің алдына өзінің сүйетінін және үйленгісі келетінін білдірген шағын плакат іліп қойды. Олечка бірден жауап берген жоқ. 24 қазанда ғана «Иә» деп жауап қайтарды», -десті саясаткердің жас әйелінің құрбылары.
Салтанатты рәсім солтүстік астанадағы Ағылшын жағалауында орналасқан №1 неке сарайында өтті. «Оляның үстінде көрнекті шлейфі бар керемет ақ көйлек болды. Қалыңдық сондай-ақ ежелгі орыс княжналары секілді қалпақ киіп алды», - деді мекеме қызметкерлері.
Тойдың өзі туралы ештеңе айтылмайды. Алайда, жас жұбайлардың шет елге үйлену саяхатын жасап қайтқандары да белгілі. Тек қайда болғандарын айтпайды. Осыған орай Миронов: «Біз саяхатқа барып келіп үлгердік. Алысқа бардық. Бірақ нақты қайда екені құпия. Дегенмен, оның ыстық елдердің бірі болмағанын айта аламын», - деді.
Иван атты ұлы бар Радиевская тойдан кейін жұмысынан шығап, Санкт-Петербургтен Мәскеуге көшіп келді. «Ольга жаңа жұмыс іздеу үстінде жүр, оған Питердегі журналистік қызметін тастауға тура келді», - деп түсіндірді эсерлер лидері.
Бұл Сергей Миронов үшін төртінші неке болып отыр. Бірінші рет ол Ленинград тау-кен институтында оқып жүрген студент кезінде үйленген. Таңдауы Елена есімді экскурсовед-аудармашыға түсті. Бұл одақтан Ярослав деген ұлы туды. Ол екінші рет өзімен бірге Моңғолия мен Екатеринбургте жұмыс істеген геолог Любовьпен бас қосты. Одан Ирина атты қызы дүниеге келді. Үшінші ретінде Миронов 2004 жылы некеге тұрды. Ол өзінің хтшысы Иринамен ара-қатынасын заңдастырды.
Сәкен Майлыбай.