Тағайындау • 22 Қазан, 2020

Текелінің экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

692 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы Текелі қаласының бұрынғы әкімі Бахтияр Өнербаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Текелінің экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Белгілі болғандай, Бахтияр Өнербаев Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың кеңесшісі болып тағайындалған.

Нұр-Сұлтанда облыс әкімдігінің өкілдігі бар. Енді бұрынғы әкім сол өкілдікте кеңесші болып қызмет атқарады.

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында Текелі қаласы әкімінің аппарат басшысы 1,5 млн теңге парамен ұсталып, қылмысы дәлелденген еді. Осыған орай заң бойынша қоластындағы мемлекеттік қызметкер парамен ұсталса, оның басшысы қызметінен кетуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар

Уақытты дәл өлшейтін аспап

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:43

28 сағатта салынған үй

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:42

Ең жіңішке көлік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:40

Тостаған

Тарих • Бүгін, 09:38

Ақтауды асқақтатқан аламан

Айтыс • Бүгін, 09:36