Медицина • 22 Қазан, 2020

"СК – Фармация" қоймасынан шыққан дәрілер тиісті жерлерге жетпеді

1167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Ақтөбе – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдері аурухана – емханалардың пандемияның екінші толқыны жағдайындағы дайындық барысына мониторинг жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

"СК – Фармация" қоймасынан шыққан дәрілер тиісті жерлерге жетпеді

Жұмыс тобы алғашқы болып Ақтөбе медицина орталығында болды. Медицина орталығының қоймасын көріп, дәрі – дәрмектер қорының жағдайымен танысты. Мәселен, "СК – Фармация" екі айлық қоры есебінде сатып алған 37 түрлі дәрілердің барлығы бүгінгі күні қаладағы ауруханалардың қоймасында болуы қажет.

Алайда мониторинг барысында медицина орталығының қоймасында 8 түрлі дәрілердің жоқтығы анықталды. Атап айтсак, Цефтазидим, Имипинем, Фамотидин, Магния сульфат, Ибупрофен, Тоцилизумаб, Хлоропирамин, моксифлоксацин. Келесі кезекте облыстық инфекциялық ауруханасының жағдайымен танысты. Аталмыш аурухананың дәрілер қоймасында 37 атаудың 6 түрі анықталмады. Нақтырақ айтқанда, Надропарин, Фамотидин, Допамин, Амоксициллин, Эноксапарин, Тоцилизумаб. Үшінші кезекте мониторинг тобы Ақтөбе облыстық фтизиопульмонология орталығында болды. Бұл жердегі дәріхана қоймасында 37 атаудың 2 түрі жоқ болып шықты. Олар: Ремдесивир және Тоцилизумаб препараттары. 

Екінші жұмыс тобы Қарғалы қалалық ауруханасында мониторинг жұмыстарын жалғастырды. Бұл жердегі дәріханада белгіленген тізімдегі дәрі – дәрмектердің 9 түрі жоқ. Олар: Цефуроксим, Имипенем-Циластатин Надропарин,Хлоропирамин,Ванкомицин,Дексмедетомидин, Моксифлоксацин, Ремдесивир, Тоцилизумаб.