Елорда • 22 Қазан, 2020

Елорда колледждерінің психологтары үшін арнайы дәріс өткізілді

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қалалық ішкі саясат басқармасының қолдауымен "Рухани жағыру" жобалық кеңсесі және "Астана Дарыны" дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталығы "Рухани жағыру: сананың ашықтығы" атты оқыту семинарын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда колледждерінің психологтары үшін арнайы дәріс өткізілді

Бір апта бойы колледж психологтарына арналған оқыту семинары өткізілді. Шара қазіргі кезде жасөспірімдер арасында өзекті тақырыптардың бірі саналатын суицидтің алдын-алу жөніндегі ғылыми-әдістемелік тәжірибеге негізделді. Сондай-ақ тренинг барысында психологтардың біліктілігін арттыру мақсатында семинарлар, дөңгелек үстелдер мен практикалық тренингтер өткізуге әдістемелік ұсыныстар зерделенді.

Елордалық мамандарға арналған тренингті халықаралық деңгейдегі тәжірибелі кәсіби психологтар өткізді.

"Қазіргі уақытта пандемияға байланысты барлық отбасы мүшелері үйде бір уақытта, яғни бір кеңістікте болады. Сондықтан жасөспірімдер арасында ғана емес, ересектер арасында да стресс пайда болады. Тренерлер германдық "стресстік оптимизмді басқару" бағдарламасы бойынша ақпарат берді. "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінің және "Астана Дарыны" дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталығының қолдауымен елорда психологтары үшін 72 сағаттық оқыту семинары өткізілді. Жалпы, бұл "Рухани жағыру" аясында жүзеге асырылып жатқан халықаралық ауқымды жоба", деді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті педагогика ғылымдарының докторы Айкүміс Омарбекова.

Бұдан былай дайындалған психологтар әр семинар-тренингте алған білімдерін кеңінен қолдана бастайды.