Спорт • 23 Қазан, 2020

Солердің сенімді жеңісі

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испания тас жолдарында өтіп жатқан «Вуэльта» велокөпкүндігінің екінші жарыс күні мәресіне жетті.

Солердің сенімді жеңісі

151 шақырымға созылған екінші кезең­нің қорытындысы бойынша 2017 жылғы «Вуэльтада» ең үздік жас спортшы атан­ған испаниялық Марк Солер (Movistar) жеңім­паз атанды. Бірінші кезеңде топ жар­ған сло­вениялық Примож Роглич (Jumbo-Visma) мәре сызығын Солерден 19 секунд кейін кесіп, екінші орынға қол жеткізді. Ал бірінші жа­рыс күнінде екінші болған ирландиялық Дэниел Мартин (Israel Start-Up Nation) бұл жолы үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстандық «Астана» велокомандасынан ең жақсы нәтижені ресейлік велошабандоз Александр Власов көрсетті. Жеңім­паздан бір минутқа қалып қойған ол мәреге 16-шы болып жетті. Екі кезеңнің қоры­тындысы бойынша жалпы есепте слове­ния­­лық Примож Роглич көш бастап тұр. Ал «Аста­на» клубының өкілдерінен Исагирре 14-ші, Власов 24-орында келеді.