Экология • 23 Қазан, 2020

Елімізде 130-ға жуық қар барысы бар

1163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде елімізде 120-130 қар барысы бар. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде 130-ға жуық қар барысы бар

"Бүгін, яғни 23 қазан күні Халырақалық қар барысы күні аталып өтуде. Қазақстанда 120-130 бас ілбіс бар десек, олардың саны жыл сайын азайып келеді. Барыстың фототұзаққа түсіп қалатын сирек кадрлары жыртқыш аңның популяциясын зерттеуде өте бағалы. Мұндай атаулы күн қар барысы мен оның мекен ету ортасын сақтап қалу проблемасына қоғам назарын көбірек аударуға септігін тигізетініне сенемін", деп жазды министр.

Қар барысы немесе ілбіс – Қазақстандағы мысық тұқымдастарға жататын ең ірі аң. Олар әлі күнге дейін Іле Алатауын мекендейді. Барыс таудан төмен түскен жоқ, бірақ қаладағы құрылыс мұздықтарға жақындап барады. Барысты Көлсай көлінен, Қаскелең, Өтпелі шатқалынан, Аюсайдан, Бутаковка мен Кімасар шатқалдары биігінен байқауға болады.

Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарында Алматыда жаңа елтаңба пайда болды. Тауларда барыс сирек кездеседі, жасырын жүреді. Оларды адамдар ығыстырып тастаған. Бұл түр Оңтүстік және Орталық Азияның 12 мемлекетінде тіршілік етеді. БҰҰ дерегі бойынша, Қытайда ғана бірнеше мың популяция бар. Қалған елдерде ондаған, жүздеген барыс сақталған. Жабайы табиғатта жағдайы жақсы болса алты мыңнан астам қар барысы тіршілік ете алады.