Қазақстан • 23 Қазан, 2020

1,5 жыл ішінде 51 судья кәсіби жарамсыз деп танылған

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстан судьяларының VIII съезінде айтылды, - деп хабарлайды Egemen.kz

1,5 жыл ішінде 51 судья кәсіби жарамсыз деп танылған

"Біз бүкіл таңдауды түбегейлі өзгерттік. Әлемдік компаниялардың HR-құралдарын енгіздік. Егер бұрын 4 кандидаттың біреуі судья болса, қазір 20 кандидаттың біреуі ғана судья болады. Иә, 14% бос жұмыс орны бар. Бірақ,  кездейсоқ кадрларға қарағанда осы дұрыс", -деді Жақып Асанов.

Сондай-ақ ол судьялардың біліктілігін IT-технологиялардың көмегімен бағалауға көшкендерін жеткізді.

"Қазіргі судьялардың құзыреттілігін анықтау үшін жаңа әдістеме бойынша 5 жылдық бағалауды жүргізіп отырмыз. Дүниежүзілік банк сарапшылары мұны жоғары бағалады. Яғни, ІТ жүйесі автоматты түрде тәуекел тобын анықтайды. Содан кейін біз оларды судья лауазымына үміткер ретінде тексереміз. Бұрын 105 судьяның біреуі бағалаудан өте алмаса, қазір 100 судьяның ішінен 10-ы өте алмайды. Өткен 1,5 жылдың ішінде 51 судья кәсіби жарамсыз деп танылды. Үш жыл ішінде барлық судьялардың 84%-ы бағалаудан өтеді", - деді ол.