Аймақтар • 23 Қазан, 2020

Қазақстанда қыс басталғанға дейін жол жағдайын зерттеу басталды

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күзгі және көктемгі уақытта Қазақстан жолшылары еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдарға барып, олардың техникалық жай-күйін қарап тексереді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда қыс басталғанға дейін жол жағдайын зерттеу басталды

Күзгі тексеру әдетте қазан айында басталады. Ол нөлдік температура болғанға дейін және қар жамылғысы түспей жатып жүзеге асуы тиіс.  Шара "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ областных филиалдары, "Қазақавтожол" ЖШС және ҚР ІІМ Әкімшілік полиция Комитетінің облыстық департаменттерінің күшімен жүргізіледі. Мамандар тасжолдардың жайғдайы мен қозғалыс қарқынын зерттеп, қыста қардан қорғайтын қалқандарды орнататын орындарды белгілейді.

Айта кетейік, биыл көктемгі тексерудің қорытындысы бойынша бекітілген кешенді-мақсатты бағдарламаға сәйкес, жолшылар шұрық-тесік, ойқы-шойқы жолдың 628 мың шаршы метрін жөндеген. 141 мың шаршы метр жол да тегістелді. Бұдан бөлек, "Қазақавтожол" компаниясының мамандарымен 19 мыңнан астам жол белгілері,  503 панно, 409 жарықдиотты жол белгісі және көпірлердегі қоршаулардың 2678 метрі орнатылып, алмастырылған.

Сондай-ақ 176 көлік павильоны мен демалыс алаңына жөндеу жүргізілді. Ал 4800 шаршы метр жолға шу жолақтары орнатылды.

Мамандар шақырымдық белгінің 3288 бірлігі мен 34 мың дабыл бағанасын құрған. Жолшылар, сондай-ақ 53 мың метрден астам қоршау орнатып, жөндеген. Ал жолдың 34 мың шақырымына жүріс бөлігі сызығы белгіленді.