Аймақтар • 23 Қазан, 2020

Тараз қаласында газ құбыры жарылды

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Тараз қаласындағы Төле би көшесінің бойындағы газ құбыры жарылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Тараз қаласында газ құбыры жарылды

Облыс орталығында болған төтенше оқиға орнына жедел Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев барып, мәселені шешуге шешім қабылдады. Қазіргі уақытта қала әкімімен бірге әкімдікке қарасты жауапты мекемелердің басшылары мен тиісті мамандар мәселенің мән-жайын анықтауда.

Тараз қаласы әкімдігінің мәліметінше, "Транстелеком" акционерлік қоғамының жұмысшылары жер қазу жұмыстарын жүргізу барысында Төле би даңғылының бойында АГРС-2 (автоматтандырылған газ реттеуіш станциясы) қалаға кіретін 630 мм диаметрлі полиэтилен газ құбыры зақымдалған. Апатты жағдай салдарынан РК-4 аудандық 4-ші қазандық, 4 өнеркәсіптік кәсіпорын, 27 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын және 176 жеке тұрғын үй уақытша газсыз қалып отыр. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 

Жамбыл облысы