Оқиға басқа пойыздардың қозғалысына да әсер етті. Алдын ала мәліметтер бойынша 5 жолаушылар және 10 жүк пойызы тоқтап тұр.
Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, "ҚТЖ" АҚ-ның 200 қызметкері, Шымкент, Арыс және Тараз станциясынан 3 бірлік қалпына келтіру пойыздары жұмылдырылды.
Оқиға орнында Шымкент қаласы ТЖД 6 қызметкері және 3 бірлік техника, Шымкент станциясы Ішкі істер желілік полиция бөлімінің 10 қызметкері және 1 бірлік техникасы жұмыс істеуде. Жолды босату бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. 24 қазан сағат 13.00-ге дейін пойыздардың қозғалысы үшін 1 жолды қалпына келтіру жоспарлануда.