«Ковбой» лақап атымен танымал бразилиялық файтер Алекс Оливейра (22-8-1-2) отандасымызға бір раунд та қарсы тұра алмады. Жекпе-жектің бірінші кезеңі аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Оливейра Рахмоновтан жеңілгенін мойындап, жарысты жалғастырудан бас тартты.
Осылайша, жерлесіміз өзінің 13-ші жеңісіне қол жеткізді. Бір айта кетерлігі, Рахмонов бірде-бір қарсыласына белгіленген раундқа дейін толық жұдырықтасуға мүмкіндік бермеген.
Айта кетейік, UFC 254 турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Джастин Гэтжи күш сынасады. Олар жеңіл салмақтағы чемпиондық атақты сарапқа салады.