Виктор Рейбандт төрт аяқты көмекшісімен Аққайың ауданына жол тартады. Онда өз үйінде пышақ жарақатымен 58 жасар ауыл тұрғынының мәйіті табылған болатын. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көрші үйлердің бірінде 1993 жылғы күдіктіні анықтады. Кинолог күдіктінің үйінен бастап қызметтік-іздестіру итін қолданады. Амур ізге түсіп, полицейлерді аула арқылы көшеге шығып, күдікті адамды көрсетіп берген. Полицейлерді байқаған ол қашпақ кезде ұсталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді.
"Амур қылмыскерлерді ұстауға үйретілген, көшеде адамдар болғандықтан кинолог оған ұстау туралы нұсқау беруден бас тартқан», - деді СҚО Полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығының бастығы полиция майоры Самат Төлебаев..
Жыл басынан СҚО ПД Кинологиялық қызмет орталығының және аудандық бөліністердің қызметтік-іздестіру иттерін қолданумен 730 қылмыс ашылды. Оның жартысына жуығы-ұрлық. Сондай, тәртіп сақшыларының кішкентай көмекшілері 18 тонау мен 4 адам өлтіруді ашуға қатысты.