Әлем • 25 Қазан, 2020

АҚШ-та бір тәулікте 84 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

69 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-та бір тәулік ішінде 83,7 мың адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz Риа Новостиге сілтеме жасап.

АҚШ-та бір тәулікте 84 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте Америка Құрама Штаттарындағы дәрігерлер инфекцияның 83 718 жаңа жағдайын тіркеді. Сондай-ақ коронавирустық инфекция расталған тағы 914 адам қайтыс болды.

Жалпы, АҚШ-та 8,5 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды, 224 906 пациент қайтыс болды. 3,4 миллионнан астам науқас емделіп шықты.

Айта кетейік, әлемде 42 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды. Миллионнан аса науқас қайтыс болды, 28 миллионнан астамы сауығып кетті.

Соңғы жаңалықтар