Әлем • 26 Қазан, 2020

Brexit-тен кейінгі ірі сауда келісімі

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбрита­ния Bre­­xit-тен кейінгі ал­­­ғашқы ірі сауда келі­сіміне ресми түр­де қол қойды. Елдің серіктесі Жапония атан­ды.

Brexit-тен кейінгі ірі сауда келісімі

Өткен айда жарияланған мәміле бойынша Жапонияға экспортың барлығы дерлік бажсыз болады, ал жапондық автомобильдерге британдық тарифтер 2026 жылға қарай алынып тасталады. Екі ел келісімге қыркүйек айында келген. Бұл қадам Ұлыбритания мен Жапония арасындағы тауар айналымын шамамен 15 миллиард фунт стерлингке арттырады деп күтілуде. Келісім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Жаңа мәміле Еуроодақ пен Жапония келісіміне өте ұқсас, бірақ сандық сауда туралы қосымша тарауы бар. Ұлыбритания мен ЕО арасындағы келісім Жапон бизнесі үшін өте маңызды. Әсіресе Ұлыбританияда жиналатын және Еуропа бөлшектерін қолданатын Nissan мен Toyota сияқты автомобиль өндірушілері үшін Brexit-тен кейін де қос елмен сауданың жалғасқаны керек.