Әлем • 26 Қазан, 2020

Huawei өндірісі кедергіге ұшырады

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайлық Hua­wei АҚШ санк­ция­ларына қарамастан, өндірісті жалғастыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын айтқан.

Huawei өндірісі кедергіге ұшырады

Бұл компания – Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздікке қатысты күдігіне іліккен Қытай бизнестерінің бірі. Телефон өндірушісі қыркүйек айында АҚШ-тың сауда-саттық туралы тыйымы күшіне енгенге дейін микрочиптердің қорын жинаумен айналысқан. Себебі техкомпания өз смартфондарына АҚШ технологиясымен жасалған чиптерді қолданады. Енді алдағы уақытта санкция­ның кесірі телефон өндірісіне айтарлықтай кедергі болайын деп тұр. Одан бөлек пандемия кезіндегі қиындық тағы бар.

Өткен жылы АҚШ үкіметі Шэньчжэнь қаласында орналасқан Huawei компаниясын өзінің қара тізіміне енгізіп, басқа елдерге де Huawei-ді келесі буындағы 5G желі­сінен шығаруға қысым жасаған. Енді АҚШ америкалық технологияны қолдана оты­рып жасалған Huawei өнімдерін сата­тын кез келген компаниядан лицензия алу­д­ы талап етіп отыр. Компания өкілдері кей­бір чип өндірушілері лицензия алуға өті­ніш береді деп үміттенетінін жасырмады. Бұл қиын­дықтарға қарамастан бейсенбіде Huawei өзінің Mate40 смартфондарын таныстырды. Қытайлық компания өз өнімінің Apple-нің соңғы смартфонына қарағанда күрделі процессормен жабдықталғанын мәлімдеді.