Хоккей • 26 Қазан, 2020

«Ак Барс» есе қайтарды

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын Қазақстанның «Ба­рысы» елордадағы «Барыс Арена» мұзай­дынында Қазанның «Ак Барсын» қабыл­дады.

«Ак Барс» есе қайтарды

Халықаралық барыс күніне тұспа-тұс келген екі барыстың бәсекесінде «Ак Барс» командасы жеңіске жетті. Кездесудің бірінші кезеңінде хоккейшілер бір-бірінің қақпасына шайба соға алмады. Екінші 20 минуттықты сәтті бастаған елордалықтар 22-минутта есепті ашты. Шайба авторы – Никита Михайлис. Дегенмен арада 7 минут өткен «Ак Барс» шабуылшысы Кирилл Петров мергендігімен көзге түсіп, таразы басын теңестіріп кетті.

Үшінші кезеңде Қазан командасы епті­лік танытты. 43-минутта Дмитрий Юдин коман­дасын алға шығарса, кездесудің аяқта­луына үш минут қалғанда Виктор Тихонов «Ак Барстың» үшінші шайбасын соғып, кездесудің нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 3:1. «Барыс» келесі кездесуін бүгін Новоси­бирскіде «Сибирь» командасымен өткізеді.